Мұсылман балалар өзгелерден үздік болып шықты

Мұсылман балалар өзгелерден үздік болып шықты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Үндістанда жалпы білім беру мектептеріндегі әлеуметтік-тұрмыстық жағдайға және әртүрлі ұлт өкілдерінің балаларының оқу үлгеріміне қатысты жүргізілген зерттеу қорытындысы шықты. Зерттеу қорытындысы бойынша көптеген штаттар мектебінде оқу жағдайының елдегі орташа деңгейден төмен болғанына қарамастан мұсылман балалары басқа балалармен салыстырғанда анағұрлым жақсы оқитыны дәлелденген.

Есепте Ассам штаты мысал ретінде келтірілген. Мұнда электр, ауыз су, дәретхана мен басқа да базалық цивилизация қажеттіліктері елдегі орташа деңгейден төмен болып шыққан. Мектептердегі жағдайдың төмендігіне қарамастан Ассамдағы мұсылман балалардың басқа сенімді ұстанатын балаларға қарағанда оқу үлгерімі жоғары болған. Бихар, Гуджарат, Джаркханд, Керала және т.б. штаттардағы жағдай да осындай. Көптеген штаттарда мұсылман балалардың сабаққа қатыспауы, кешігуі сирек, сондай-ақ оқуда зерек әрі мектептен тыс іс-шараларды белсендірек.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: