Пермь өлкесінде аймақ бойынша тұңғыш рет мұсылман кітапханасы ашылмақ. Осы өлкенің имамы Ильхам Бибарсов ұлтаралық және дінаралық қатынастар кеңесінің отырысында Пермь қаласында мұсылмандарға арналған кітапхана ашу туралы бастама көтерген болатын.
Түрлі радикалды ағымдармен күрес жүріп жатқан уақытта заман талабына сай мұндай кітапхана керек-ақ. Ресей аумағындағы дәстүрлі ислам діні туралы ақпарат орталығы қазіргі кезде ауадай қажет.
Бұл кітапханада дәстүрлі ислам діні мен түрлі шариғатқа сай ғылым мен мәдениет туралы әдебиеттер болады деп күтілуде.
«Мұсылмандар кітапханасының қорын құру – Ресейдегі ислами білім беру жүйесін дамыту», – деп атап өтті өз сөзінде Ильхам Бибарсов.
hibatulla.kz