#Шу өңірінде имамдардың біліктілігі арттырылды

#Шу өңірінде имамдардың біліктілігі арттырылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің директорының орынбасары Әміреев Бахтияр мен ұстаз Сейтқали Әбдіқадыр Шу өңіріне арнайы келіп, жергілікті имамдарға арналған біліктілікті арттыру шарасын өткізді.

Бағдарлама аясында дін мамандары үш негізгі бағыт бойынша тексеруден өтті. Атап айтқанда, Құран оқу, хадистерді дұрыс аудару білігі және шариғат мәселелері бойынша білім деңгейі сарапталды.

Бұл шараның басты мақсаты – имамдардың діни сауатын жетілдіру, олардың халыққа сапалы қызмет көрсетуіне ықпал ету және діни ілімді заманауи талаптарға сай тереңдету болды.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: