«Әл-Бақи» мешітінде имамдарға арналған пәтуа сағаты аясында семинар ұйымдастырылды. Жиынның негізгі мақсаты – діни сауаттылықты арттыру, халық арасында жиі қойылатын шариғи мәселелерге дұрыс әрі нақты жауап беру жолдарын түсіндіру болды.
Іс-шарада Меркі ауданы бойынша «Пәтуа бөліміне» жауапты маман Бауыржан Пирназаров пәтуа шығарудың негізгі қағидалары, мәзһаб ұстанымдары және қоғамдағы өзекті діни мәселелерге қатысты шариғи дәлелдерді талқылып, сондай-ақ, имамдарға жамағат арасында кездесетін сұрақтарды жүйелеп, оларға дұрыс әрі байсалды жауап беру әдістерін түсіндірді.
Жиын соңында имамдар пәтуа сағатын жамағат арасында жиі өткізіп тұрудың маңыздылығын атап өтті. Мұндай семинарлар діни бірлікті нығайтып, жамағаттың дұрыс білім алуына ықпал ететіндігіне тоқталды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі