Меркі ауданының орталық мешітінде қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай жамағатқа тағылымды насихат айтылды.
Іс-шара барысында аудан бас имамы Азамат Берікұлы Абайдың өмір жолы, шығармашылығы және ислам құндылықтарымен үндесетін өсиет сөздеріне кеңінен тоқталып, Абайдың мұрасы – имандылық, әділдік, бірлік, білім мен еңбек сынды асыл құндылықтарға негізделгенін атап өтті.
Жамағатқа дана ақынның өмірінен өнеге алып, дін мен дәстүрді ұштастыра отырып, елдің бірлігі мен рухани дамуына үлес қосу қажеттігі насихатталды.
Іс-шара соңында ауыл ақсақалдары Алладан елімізге береке-бірлік тілеп, дұға жасады.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



30 Январь 2026
11 Шаабан 1447

