Сарысу ауданы, Өндіріс ауылындағы Жаманқара мешітінің жанында жамағатқа арналған жаңа асхана құрылысы басталды. Бұл бастама — ауыл тұрғындарының көптен күткен жобасы. Жаңа асхана діни мерекелерде, жамағат жиындарында және түрлі қайырымдылық шараларында жиналған жұртқа кең әрі жайлы орын ұсынбақ.
Асхана құрылысы — жамағаттың ауызбірлігінің айғағы. Жергілікті тұрғындар мен жомарт азаматтар жұмыла үлес қосып, игі істің тезірек аяқталуына күш салуда. Жаңа нысан тек ас ішу орны ғана емес, ауылдың мәдени-рухани өмірінде маңызды орын алатын ортақ бас қосу алаңы болмақ.
Жоспар бойынша асхана заманауи талаптарға сай жабдықталып, жамағаттың ыңғайына қарай салынады. Бұл — тек бір ғимараттың бой көтеруі емес, ауылдың рухани келбетінің жаңаруы, бірлік пен татулықтың нығаюы.
Алла Тағала осы игі істі берекелі етіп, үлес қосқан әрбір жанға сауаптан жазғай!



30 Январь 2026
11 Шаабан 1447

