Швед телеарналарының бірінде белгісіз екі əйелдің ДАИШ террористік ұйымы орталығына айналған Ракка қаласы туралы жасырын түсірген бейнежазбасын көрсетті.
Жазбада көпшілік алдында қатаң жазалау көріністері бар. «Лаңкестер тұтқындарды аяусыз өлтіріп, қала көшелерімен сүйретіп кетті» дейді содырлар құрсауындағы қаладан аман шыққан келіншек.
Сонымен қатар, бейнетаспа түсіруші əйелдер қаңыраған көшелерді кезіп, бір де бір тұрғыны жоқ үйлерді аралайды. Өздерінің айтуынша, Раккадағы қираған үйлер алаңы бір кездері ең таңдаулы аудандар болған екен. «ДАИШ террористерінің көпшілігі Сауд Арабиясынан келген. Бірақ, батыс елдерінен келгендер де жетерлік» дейді олар.