Иран билігі ел аумағында «Yandex» ресейлік интернет-порталының таралуына тыйым салды.
Аталмыш ақпаратты Ресейдегі Иран елшілігі баспасөз хатшысы Максим Суслов растады. Оның айтуынша, Иран тарапы ресейлік ресурстың ислам құндылықтары мен талаптарына сәйкеспеуі себепті бұғаттаған.
Еске сала кетейік, Иран елінде осыған дейін Facebook, Twitter және «ВКонтакте» секілді белгілі әлеуметтік желілердің қызметіне де тосқауыл қойылған болатын. Сонымен қатар, ресми биліктің Иранда танымал мессенджер Telegram-ға да кіруге тыйым салуды жоспарлап отырғаны хабарланды.