Чехтің сұлулық падшайымы, Әлем аруы, атақты супер-модель Маркета Коринкова исламды қабылдады. Енді Араб әмірліктерінде тұрмақшы. Бұл туралы ол Дубай қаласында жүргенде хабарлады. Сондай-ақ ол есімін Мариям деп өзгертпекші.
Мұның басты себебі, оның айтуынша, оны исламдағы әйелдің орны қызықтырған. Үлкен мансапқа қол жеткізгенмен бақытты болмадым, күндерім үнемі мұң мен депрессияда болатын дейді Мира Маркета Коринкова. "Християн шіркеулеріне барсам да жаныма тыныштық таппайтынмын. Бақытты бола алмадым, алайда исламды үйренумен маған жаңа әлем бақытқа жол ашты, - дейді ол.
Алланың дінін үйреніп, ілімін арттыру үшін енді ол Дубай қаласында тұрмақшы. Тілін кәлимаға келтірген Маркета Коринкова шариғат шарттарына сай киінетін болды. Ол қазір хиджабта.
hibatullа.kz