Алла Тағала бізге Құранды мұра ретінде түсірді, Ол Құранды оқуға, оған ой жүгіртіп, соған сай амал жасауымызды бұйырды. Аллаға мадақтар болсын Ислам дінің тарихында Құранды жаттап, оны басқаларға үйретуде бүкіл өмірлерін арнағандар болғаны хақ. Өйткені олар Алла Елшісінің мына сөздерін білген еді:
إن أفضلكم من تعلم القرآن وعلمه
“Сендердің ең жақсыларың Құранды үйренгердерің және үйреткендерің.»
Ал Құранды толық жаттаған және оны жүрегінде сақтаған адамды исламда “хафиз” деп атайды. Кейбіреулер оны қиын немесе мүмкін емес деп айтулары мүмкін, бірақ ол олай емес. Алла Тағала айтқан:
إِنَّا نَحْنُ نَزَّلْنَا الذِّكْرَ وَإِنَّا لَهُ لَحَافِظُونَ
” Расында Құранды Біз түсірдік және оны сақтаушымыз”.
Алла Тағаланың Өзі Құранды сақтаймын деп уәде беруде. Ендеше, Құран жаттаушы және оны жүрегімде сақтаймын деп ниеттенген адам Мейірімді Алла оған көмектеспейді деп ойламауы керек. Әр намазымызда Құранның бір бөлігін жатқа оқуымыз қажет. Алла Тaғаланың Өзі бізден соны қалайды және айтады:
لاَ يُكَلِّفُ اللّهُ نَفْساً إِلاَّ وُسْعَهَا
“Алла Тағала кісіге шамасы келетін міндетті ғана жүктейді”.
hibatulla.kz