Иран ғалымдары жараны жазатын биологиялық белсенділігі күшті бинт ойлап тапты. Медициналық инженерия факультетінің ғылыми кеңесінің мүшесі Сохиля Салахсур Кордестани бұл еңбектің 35 жыл бұрын басталғанын баяндады.
Қазіргі уақытта ғалым теңізде тіршілік ететін шаян тәрізділердің сауытынан (тас қабығынан) қажетті биоматериал алып жатыр.
Аталмыш биобинт ойық жараны, сусамырдан пайда болатын, қан тамырларының және асқазан жарасының генетикалық ауруларынан туындайтын жараларды емдеп жазуда қолданады. Мұндай биобинт күйік шалған жердің жарасын 75 пайызға жылдам қалпына келтіруге көмектеседі.
hibatulla.kz