Қайырымдылық – адамгершіліктің белгісі. Қайырымдылық шаралар қоғамда мейірімділік пен ынтымақты арттырары сөзсіз.
Осындай мақсатта Тараз қаласы «Кеңесхан қажы» мешітінің имамы Айнабек Ахметовтың ұйымдастыруымен 20 жанұяға қайырымдылық ретінде күнделіті тұтынатын азық-түлік таратылды.
Игі шара мұқтаж жандарды қолдау мақсатында өткізілді. Көмек алған отбасылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, ақжарма тілектерін айтты.
Тараз қаласы «Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі.


30 Июль 2026
14 Сафар 1448

