Қасиетті Рамазан айының берекесін сезіну мақсатында «Әулие ата» мешітінде ауызашар ұйымдастырылып, жамағатқа рухани насихат айтылды.
Шара барысында мешіттің бас имамы Ержан Аманбаев жиналған жамағатқа «Қажының рухани келбеті» тақырыбында уағыз айтты. Имам қажылықтың тек атқаратын еңбегі ғана емес, жүректің, ниеттің тазалығы екенін атап өтті. Сондай-ақ, қажылық сапарының мұсылман өміріндегі орны мен маңыздылығына тоқталып, оны шынайы ықыласпен атқарудың қажеттілігін жеткізді.
Ауызашарға келген жамағат рухани тағылым алып, намазда сап түзеді.
Тараз қаласы «Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі.