Қордай: Аудан деңгейінде бата жарысы өтті

Қордай: Аудан деңгейінде бата жарысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық ардагерлер кеңесі мен билер алқасының ұйымдастыруымен батагөй қариялардың «Аталар сөзі – ақылдың көзі» атты байқауы  өтті. Бақ сынасуға ең үлкені 82 жаста, ең кішісі 64 жастағы қариялар қатысты. Барлығы 15 қария. Байқау мақсаты – ұлтымыздың ұлы құндылықтарының бірі – бата беру дәстүрін дәріптеу, кейінгі ұрпаққа үлгі ету, тәрбиелік маңызын және бата берудің түрлерін, шеберлігін, көркемдік дәрежесін арттыру. Және жас ұрпақты адамгершілікке, рухани тазалыққа тәрбиелеу, имандылыққа, әдептілікке бұру көзделді.

Байқау 4 кезеңнен тұрды: Ұлттық салт-дәстүр бойынша, Атақты баталар, Өзінің жеке батасы, Сұрақ-жауап. Қатысушыларға сый-сыяпат беріліп, марапатталды. Арнайы келген қонақтар және  соның ішінде ауданның бас имамы белсенділік танытқан қарияларға алғыс білдірді.

Аудандық «Қордай» баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: