Жамбыл облысы Байзақ ауданы Байзақ ауылдық «Тілеш қажы» мешітінің асханасында Рамазан басталғалы ораза ұстаушы жамағатқа ауызашар дастарханы жайылып келеді.
Бүгінгі дастархан басында ауыл имамы Рахымбек Кенжебайұлы «Ауызбіршіліктің пайдасы» және «Отбасы құндылықтары» тақырыптарында насихатын айтып, Рамазан айында бір болуға шақырды.