Шу қаласы «Кәрібай молда» мешітінің имамы Аят қажы Дыбысұлы аудан орталығында орналасқан «Төле би» мешітінің жамағатына “Салт-дәстүрдің діндегі орны” жайында жұма намазын жүргізді.
Мешітке ағылған жамағатқа имам дәстүрдің дінмен үйлесімділігі және рухани құндылықтаржайлы сүбелі уағыз айтты. Жамағат ықыласпен тыңдап, имамның айтқан өнегелі сөздерінен тағылым алды.
Кеш соңында имам ақ батасын беріп, көпшілікпен намазда сап түзді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.