Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай «Жәми» мешітінің бас имамы Алмас Кенжемолдаев пен «Төле би» мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлының демеушілігімен, жасы үлкен және көпбалалы имамдарға ерекше сый жасады.
Шара барысында имамдарға тәттілерге толы арнайы себеп табысталып, олардың дін жолындағы еңбегі жоғары бағаланды. Жиналған жамағат рухани көшбасшыларға ризашылықтарын білдіріп, қызметтеріне сәттілік тіледі.
Бұл игі бастама мешіт қызметкерлеріне қолдау көрсетіп, рухани бірлікті нығайтуға бағытталды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.