Әбдібай ата мешітінде Рамазан айына арналған пәтуа сағаты ұйымдастырылды. Шара барысында мешіт имамы Асқарбек Серікұлы жамағаттың қасиетті айға байланысты қойған сұрақтарына жауап беріп, оразаның бұзылу-бұзылмау шарттары жөнінде түсіндірме жасады.
Сондай-ақ, жолаушының ораза ұстау жағдайы, әйел адамның оразадағы мәселелері секілді тақырыптарға да кеңінен тоқталды. Жиын соңында жамағат көкейінде жүрген сауалдарын қойып, діни тұрғыдан маңызды ақпарат алды.
Әбдібай ата мешітінің баспасөз қызметі


18 Ноябрь 2025
27 Джумада-авваль 1447

