ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ "ӘЛІ АТА" МЕШІТІНДЕ ЖҰМА НАМАЗЫН ӨТКІЗДІ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ "ӘЛІ АТА" МЕШІТІНДЕ ЖҰМА НАМАЗЫН ӨТКІЗДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы Тараз қаласындағы "Әлі ата" мешітінде жұма намазын өткізіп, жамағатқа рухани насихат айтты.

Жұма уағызында бас имам дәстүр құндылықтарының дініміздегі рөліне ерекше тоқталды. Ол ата-баба салты мен ислам қағидаттарының сабақтастығы, дәстүрлі құндылықтардың отбасы тәрбиесіндегі, қоғамдағы маңыздылығы жайында тағылымды сөз қозғады. Сондай-ақ, жамағатқа бірлік пен бауырмалдықтың, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетудің, дінге қызмет етудің артықшылықтарын түсіндірді.

Намаздан кейін жамағат көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, бас имамнан жауап алды. Жиналған жамағат осындай кездесулердің жиі ұйымдастырылуына ниет білдіріп, ризашылықтарын жеткізді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: