Ақтөбеде әйелдерге арналған жаттығу залы ашылды. Енді мұсылман әйелдері қысылмай спортпен айналыса алады.
"Аталмыш жаттығу залын ашуды көптеген әйелдер өтінген болатын. Сол себепті, біз олармен кездесу жасадық," - дейді «РИДК» клубының жетекшісі Юлия Вольф.
Бұған дейін қыздарға арналған бөлек уақыт бөлінген болатын, дегенмен ерлермен тұспа-тұс келіп жататын. Ал, енді жаңа жаттығу залында еркін спортпен айналысуға мүмкіндік туып отыр.
hibatulla.kz