Немістік "Frankfurter Allgemeine" газеті хабарлағандай Германияда мұсылман мәдениеті ерекшеліктеріне сай қоғамдық дәретханалар пайда болды.
Мұсылман халқының дәстүріне сәйкес орындардың ашылуына батыс елдеріне күн санап қоныстанушы босқындардың көбеюі әсер етіп отыр.
Мұсылман мәдениетінде жуыну міндетті болғандықтан, аталмыш орындарда шағын жуыну кабиналары да салынбақ. Бұл дәретханаларда кабиналарды кез келген бағытқа бұрып, мұсылмандар үшін қасиетті саналатын Қағбаға қарсы түспеуіне жағдай жасалған.
Сонымен қатар қоғамдық дәретханадағы ескертпелер әртүрлі тілдерде жазылды.
hibatulla.kz