Жамбыл облысы Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлы ауыл имам-молдаларына жиналыс өткізіп, 2025 жылы «Ислам және отбасы құндылықтары» жылы аясында атқарылатын іс-шаралар жоспарын таныстырды.
Бас имам Қанат Әділханұлы ауыл имам-молдаларына ҚМДБ Төрағасының Бағдарлық баяндамасы жайлы жан-жақты айтып берді. Имамдардың алдында тұрған міндеттері мен атқарылар нақты жұмыс жоспарына тоқталды.
Сондай-ақ, ауыл имам-молдаларының басқосуында «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясындағы ҚМДБ бекіткен айтулы шараларды ұйымдастыру, бөлім тапсырмаларын басты назарда ұстап, уақытылы орындау тапсырылды және ҚМДБ тарапынан қабылданған төрт бағыт бойынша жыл бойы атқарылатын жұмыстарды сапалы, тиянақты және жоспарға сәйкес жүзеге асыру қажет екенін еске салды.