Жамбыл облысы Байзақ ауданының «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Жанат Әмірханқызының ұйымдастыруымен мешіт шәкірттері және ұстаздар балалар үйіне барып қуаныш сыйлады.
Шараның мақсаты – балалар үйінің тәрбиеленушілеріне мейірімділік көрсету, оларға жан-жақты моральдық қолдау жасау және жамағатты қайырымдылыққа баулу болатын.
Бүлдіршін балалардың көңіл күйін көтеру мақсатында аниматорлар жалданып, олар түрлі ойындар ойнатты. Әрбір балаға тәттілер мен жеміс-жидектер таратылды. Қосымша ұл және қыз балаларға қыстық киімдер алып берілді. Рухани жиынға жұмсалған қаражат 100 000 теңгені құрады.