Меркі: Әйел жамағаты Құран хатым дұғасын жасады

Меркі: Әйел жамағаты Құран хатым дұғасын жасады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 
 

"Құран хатым еткеннің дұғасы қабыл болады» (Тәбарани, Ибн Хиббан)

Меркі ауданының ұстаздары Бота Меңдібайқызы мен Тилеубердиева Медина ұстаздың бастамасымен «Меркі ата» және «Жүніс молда» мешітінің әйел-қыздар секторы бірігіп, Құран хатым дұғасын жасады. Бұл шараның мәні мен маңызы ерекше, себебі Құран хатым еткендердің дұғаларының қабыл болатындығы туралы хадис халық арасында кеңінен белгілі. Жиын барысында Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірінен «Жылдар сөйлейді» викториналық ойыны өткізілді.

Ойынның мақсаты — халықтың білімін арттыру, рухани дүниесін байыту. Сонымен қатар, мол дастархан жайылып, жамағаттың сұрақтары талқыланды. Бұл іс-шара жамағатқа рухани азық беріп, оларды бірлік пен игілікке шақырды. Келген қонақтар шарадан үлкен рухани пайда алып, риза болып қайтты.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: