Ислам дінінің бес парызының бірі – дүниесі нисап мөлшеріне жеткен адамның зекет беруі, яғни мал-дүниесін кедейлерге үлестіру болып табылады. Бұл – мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, қоғамдағы мейірімділік пен қайырымдылықты арттыратын сауапты амал.
Игі іс-шарадан қалыс қалмаған Шу қаласындағы «Төле би» мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлының бастамасымен көп балалы анаға екі бас қой зекет ретінде берілді. Аталған зекетті мешіттің көмекшісі Нұрмұхаммед Қадыров табыстап, батасын алып қайтты.
Бұл сауапты іс қоғамда мұқтаж жандарға көмектесудің және қайырымдылықтың жарқын үлгісі болып табылады. Алла Тағала мұндай ізгі амалдарды қабыл етсін!
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі