Т.РЫСҚҰЛОВ: ПӘТУА САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ

Т.РЫСҚҰЛОВ: ПӘТУА САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы Луговой ауылдық «Әл-Хақ» мешітінің имамы Үмбет Орынбасарұлы мешітке келуші жамағатқа пәтуа сағатын өтті. Пәтуа сағатында Биткоин криптовалютасын қолданудың үкімі айтылды.

Ауыл имамы жамағатқа: «Алла Тағала Құранда былай дейді: «Уа, иман келтіргендер! Бір-біріңнің мал-дүниелеріңді арам жолмен жемеңдер. Ал өзара келісіп, ризашылықпен жасаған сауда-саттықтың жөні бөлек» («Ниса» сүресі, 29-аят).

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) белгісіздік саудасына (ғарарға) тыйым салған (Муслим риуаят еткен).

Мысыр елінің пәтуа комитеті, Еуразия мұсылмандарының пәтуа шығару кеңесі сияқты ірі ұйымдар да биткоин криптовалютасын пайдалануға тыйым салған», - деп, үкімін баяндады.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: