Шу ауданы «Жәми» мешітінде Әйел-қыздар секторы мен әжелер алқасы дастархан басында бас қосты.
Ұйымдастырылған бұл шара Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өмірі мен үлгілі қасиеттерін насихаттауға арналған маңызды кездесу болды. Дастархан басында Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірі, оның тағылымы, сабыры мен имандылығы туралы насихат айтылып, әйелдер қауымы арасында рухани байланыс нығайды.