ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ: ИМАМДАРҒА АРНАЛҒАН ОҚУ КУРСЫ АЯҚТАЛДЫ

ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ: ИМАМДАРҒА АРНАЛҒАН ОҚУ КУРСЫ АЯҚТАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасының тапсырысы бойынша діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жұмыстарын жүргізу тәжірибесін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған 5 күндік оқу курсыөз мәресіне жетті. ҚМДБ-ның діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі, РАНТ мүшесі Хасан Ташайұлы мен Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы имамдармен кездесіп, қатысушыларға арнайы сертификаттар табыстады.

Сертификат тапсыру рәсімінде имамдар діни сауаттылықты арттыру, қоғамдағы экстремизмге қарсы іс-қимылдың тиімді жолдары мен жастарға дұрыс діни тәрбие беру тақырыптарында пікір алмасты. Хасан Ташайұлы діни кадрлардың білімін жетілдіру мен олардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған мұндай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті. 

«Курсқа қатысқан имамдар діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес жолдарын талқылап, өзекті мәселелер бойынша тәжірибе алмасты. Аталған іс-шара діни қызметкерлердің біліктілігін арттырып қана қоймай, олардың қоғаммен өзара қарым-қатынасының жаңа деңгейге көтерілуіне ықпал етті», – деген Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы да осындай оқыту курстарының өңірдегі діни ахуалды тұрақтандыруға ықпал ететінін айтып, қатысушылардың алған білімдерін тәжірибеде тиімді пайдалану қажеттігін жеткізді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: