ҚОРДАЙ: ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ЖАЙЫНДА НАСИХАТ АЙТЫЛДЫ

ҚОРДАЙ: ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ЖАЙЫНДА НАСИХАТ АЙТЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Қордай ауданы Аудандық Қордай мешіті ұстазы Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен әйел-қыздар жамағатына «Қазақ қоғамындағы  әйелдер» атты семинар өтті.

 Семинарға «Рахман» мешіті ұстазы Айгуль Жолдасқызы мен «Құдайберген» мешіті ұстазы Малика Аханқызы да қатысты.  Исламдағы әйел адамның орны, міндеті, қызметі жөнінде пайдалығ ақпараттар беріліп,  қоғамдағы әйел бейнесі түсіндірілді. Семинар соңында қатысушылар сұрақтарына жауап берілді.

Семинар барысында исламдағы әйел адамның рухани әрі әлеуметтік рөлі кеңінен талқыланды. Ислам дінінде әйелдердің құқықтары мен міндеттері, олардың қоғамдағы орнын анықтап, отбасындағы рөлін нығайту мәселелері басты назарда болды. Қатысушыларға әйел адамның білім алу, отбасын құру, қоғамға қызмет ету жөніндегі діннің ұстанымдары мен қағидаттары түсіндірілді. Сондай-ақ, әйелдер арасындағы өзара құрмет, ынтымақтастық пен қолдау көрсету мәселелері де қамтылды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: