Т.РЫСҚҰЛОВ: «ЛУДОМАНИЯНЫҢ ЗАРДАБЫ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Т.РЫСҚҰЛОВ: «ЛУДОМАНИЯНЫҢ ЗАРДАБЫ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлы ардагерлер алқасымен өткен «Лудоманияның зардабы» атты дөңгелек үстелге қатысты. Қазіргі уақытта қоғамда ушыққан дерт боп есептелетін құмар ойынға берілген жастардың жағдайы талқыланып, оларды құмарлықтан шығару жолдары да ұсынылды. Ауданның бас имамы жиында құмар ойынның шариғаттағы үкімін баяндады.

Лудомания ойынқұмарлық деген мағынаны білдіреді. Лудомания (гемблинг, игромания) термині құмар ойынға тәуелділік деген мағына береді. Шариғатта кез келген ойынға құмар араласса харам, үлкен күнә саналады. Алла Тағала Құранда былай дейді: «Уа, иман келтіргендер! Ақиқатында арақ-шарап (сынды мас қылып, ақылынан адастыратын нәрселер), құмар һәм өзге де ұтыс ойындары, табыну үшін орнатылған пұттар және жебелермен (құмалақ, карта сынды басқа да нәрселермен) бал ашу – шайтанның лас істерінен. Ендеше (екі дүниеде де) мақсат-мұраттарыңа жету үшін бұлардан аулақ болыңдар. Шайтан сендердің араларыңа арақ, құмар ойындары арқылы дұшпандық пен жеккөрушілік салып және Алланы еске алудан, намаздан тыюды көксейді. Сендер сонда да доғармайсыңдар ма?» – деген («Мәида» сүресі, 90-91 аяттар).

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: