ҚЫЗДАР АРАСЫНДА ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТТІ

ҚЫЗДАР АРАСЫНДА ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласы, «Кеңесхан қажы» мешітінің ұстазы Зейнеп Жәдігерқызының ұйымдастыруымен мешіт шәкірттері арасында Құран жарысы өткізілді.  

Он үшке жуық қатысушы бақ сынасқан жарыста шәкірттердің махражы, тәжуиді, жаттау қабілеті жан-жақты бағаланды. Жарыс қорытындысы бойынша, 1-2-3 орын алған жеңімпаздарға және барлық қатысушыларға мешіт демеушілерінің көмегімен қаржылай сыйлықтар табысталды. 

Зейнеп Жәдігерқызы «Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Құран оқушыға: «Оқы, көтеріл және дүниеде қалай оқысаң, солай оқы. Расында, сенің дәрежең оқыған соңғы аятқа сәйкес болады», – деп Алланың қасиетті кітабы Құран Кәрімді жаттаудың сауабы мен маңыздылығы жайында  уағыз айтты. Жарыс соңында қатысушыларға арнайы дастархан жайылып, сый-сыяпат көрсетілді.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: