Кеңесхан қажы мешітінің имамы Асанов Хеурза мешіт жамағатына “таблиғи жамағаты” діни ағымы туралы кең көлемде ақпарат айтып, түсіндіру жұмысын жүргізді.
Баяндама жасап болған соң, Хеурза имам ауыл жастарын тек аталмыш діни ағымнан ғана емес, барлық дәстүрлі емес ағымдардан сақтандырудың маңыздылығына тоқталып өтті. Жастарымыздың діни сауатты болуы тек діни қызмет жасап жүрген мешіт имамдарының ғана мүддесі емес, баршамыздың міндетіміз,- деп сөзін аяқтады. Жиын соңында мешіт ақсақалы бата беріп, ақ тілегін жаудырды.