ФУТБОЛ ЖАРЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

ФУТБОЛ ЖАРЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Талас ауданының бас имамы Жалғасбай Дүйсенбайұлының бастамасымен және Есейхан ауылының кәсіпкері Манатбек ағамыздың демеушілігімен “Темірбекұлы Тұрсынбек” атамызды еске алуға арналған аудандық футбол жарысы өтті. Аталмыш жарыста 4 команда қатысып, бақтарын сынады.

Футбол турнирі 20 минуттан 2 тайм болды. Әуелі Қаратау қаласы мен Тамды ауылы кездесіп, жалпы 6:2 есебімен Қаратау қаласы жеңіске жетті. Екінші ойында, Майтөбе ауылы мен Есейхан ауылы кездесіп, Майтөбе ауылы 4:1 есебімен финалға шықты. Үшінші орынға Тамды ауылы мен Есейхан ауылы командалары таласып, Есейхан ауылы 7:4 есебімен басым түсті. Финалда Қаратау қаласы мен Майтөбе ауылы ойнап, Майтөбе ауылы командасы 5:3 есебімен жеңіске жетіп, аудан чемпионы атанды. Жүлделі орын алғандарға марапаттау қағазымен қатар бірінші орынға 50мың, екінші орынға 30мың, үшінші орынға 20мың теңге ақшалай сыйлық табысталды. Футбол ойыны өте қызықты әрі тартысты өтті. 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: