ЖУАЛЫ: КҮРЕҢБЕЛ АУЫЛЫНДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ

ЖУАЛЫ: КҮРЕҢБЕЛ АУЫЛЫНДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алладан сауап үміт еткен жомарт жандардың демеушілігімен Жуалы  ауданында тағы бір жаңа мешіт ел игілігіне пайдалануға берілді.

Салтанатты шараны ауыл молдасы Әскертайұлы Рамазан Құран оқуымен ашып,  ауыл қариясы  бата жасады. Құрметті қонақтар рет-ретімен сөз алып, жүрекжарды лебіздерімен бөлісті. Мешіт салған демеушілердің атынан Еркебай аға сөз алып, кәсіпкерлердің ұйымшылдық көрсетіп, аз уақытта мешітті тапсырып отырғанына алғыс білдірді. Жастарға имандылық тәрбие беріп, асыл дінімізді насихаттайтын құтты мекенге айналса деген тілектерін жеткізді.  Мешіт құрылысына атсалысқан Әділет бауырымызға  жылқы мінгізіп, шапан жапты.

Шара соңында марқұмдардың рухына құран бағышталып, қонақтар әсем мешіттің ішін аралап танысты.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: