ҚОРДАЙ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ҚОРДАЙ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Асыл дініміз Ислам адамзатты бейбітшілікке, татулық пен бірлікке, ғылым-білімге, өзара мейірімділікке насихаттайтын дін. Алла Тағала қасиетті Құранның «Әли Имран» сүресінің 103-аятында: «Түп-түгел Алланың жібіне ( дініне ) жабысыңдар да бөлінбеңдер»,- деп мүминдерге бірлікте болуды бұйырған.

Осыған байланысты, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Бетқайнар ауылы «Бетқайнар» мешітінің имамы Нұрлан Джиенбаев «Бетқайнар ауылдық» колледжінің шәкірттерімен «Жат ағым жарға жығады» атты тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жасады.Ауыл имамы колледж білім талап етушілеріне асыл дінімізді түсіндіріп, жат ағымдардан сақтану керектігін ескертті. Қандай да бір ой, сұрақ туындайтын болса интернет желісінен емес, арнайы мешіт имамдарынан және ұстаздарынан сұрау қажеттігін айтып түсіндірді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: