Қазақ халқы «Дін – ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасаң қасіретің» деп, болашақ ұрпақтың санасына бір ауыз сөзбен діннің мән-мағынасын, өміршеңдігін көрсетіп, мәңгілік бақытты елдің, ұлттың болашағымен байланыстырған.
Осыған орай, Қордай ауданы, Әлжан ана ауылы «Құдайберген» мешітінің имамы Аманбаев Саламат мәдениет үйінде, мектеп оқушыларымен «Дінді қасіретке емес, қасиетке балайық» атты тақырыпта кездесу өткізді. Жиналған шәкірірттерге асыл дінімізді тұщымды, салмақты мысалдар арқылы түсіндіріп, насихат айтты.