Жамбыл облысы Меркі ауданы «Жүніс молда» мешітінің ұстазы Меңдібайқызы Ботаның ұйымдастыруымен «Әйелдің әлеуметтік желідегі әдебі» тақырыбында семинар өтті.
Семинар барысында топтарға бөлініп, аталмыш әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны айтылды. Бір топ Әлеуметтік желіні дұрыс қолдана білген адамға берер пайдасы өте көп деді, енді бірі денсаулыққа берер зияны көп деп пікірталас болды. Соңында әйелдің әлеуметтік желідегі әдебі, дұрыс қолдануы жөнінде насихат айтылды.
Әбу Заррдан (Алла одан разы болсын) жеткен хадисте: «Қайда болсаң да Алладан қорық, күнәлі істен кейін оны өшіретін жақсылық жаса әрі адамдармен қарым-қатынаста көркем мінезді бол»,– делінеді. Осы хадистің маңыздылығын ескере отырып әлеуметтік желіні пайдалануда аса мұқият болып, тек ақыретімізге пайдалы дүниелерге қолдануымыз керек екен.