ҚОРДАЙ: ДҮНГЕН ҰЛТЫНЫҢ ИМАМДАРЫ СЕМИНАРҒА ҚАТЫСТЫ

ҚОРДАЙ: ДҮНГЕН ҰЛТЫНЫҢ ИМАМДАРЫ СЕМИНАРҒА ҚАТЫСТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Сортөбе ауылы «Имамдар үйінде» дүнген ұлтты дін қызметкерлерімен семинар болып өтті. Жиында имам-молдаларға 29 мамыр 2023 жылы қабылданған «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының рухани (діни және ұлттық) құндылықтарды насихаттаудағы рөлі» құжаты мен «ИМАМНЫҢ ЖАМАҒАТ НАМАЗЫН ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ» құжаттары таныстырылды.

Семинар дәрісін жүргізген Қордай аудандық орталық мешітінің наиб имамдары Өмірсерік Халилаұлы мен Оразбек Қайратұлы әр елдің (ұлттың) салты басқа болса да Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қабылдаған құжаттарына мойынсұну еліміздегі мұсылман қауымын ынтымақ-бірлікке шақыруда маңызды рөл атқаратынын жеткізді.

Ауызбіршіліктің маңыздылығын түсінген аудандағы дін қызметкерлері жамағатпен оқылатын намаздар мен діни жоралғылар бірізділікке түсуі үшін елге оңтайлы түсіндіру жұмыстарын бастап кетті.

Айта кетейік, құжат Әбу Ханифа мәзһабының фиқһ және пәтуа кітаптары, сондай-ақ білімді әрі тәжірибелі имам және ұстаздардың нұсқаулары негізінде дайындалған.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: