ҚҰРАНҒА ТҮСКЕН ШӘКІРТТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

ҚҰРАНҒА ТҮСКЕН ШӘКІРТТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Қызыл жұлдыз ауылдық «Бейшен» мешітінің имамы Акбар Тоқтасынұлының ұйымдастыруымен мешіт жанынан сауат ашу курсы өткен болатын. Сауат ашу курсын қорытындылау үшін мешіт жамағаты алдында жаз бойы білім алған 35 шәкірттің 19-ы Құранға түсті.

Акбар Тоқтасынұлы білім алушы шәкірттерге: «Алла Тағаланың кәләмі көркем тілімен, бай өрнегімен, толық мағыналығымен арабтардың өлең-жыр, поэзиясына ұқсамайтын ғажайып құрылымымен ерекшеленетін мұғжиза. Егерде қасиетті кітаптың мазмұнынан бұл ерекшеліктердің біреуі табылмаса, ол мұғжиза болмас еді. Себебі, арабтардың кей сөздері көркемдікпен, шешендікпен айтылғанымен, онда кемел мағына болмайтын. Немесе, ол өлеңдер көркем сөздермен мағына берсе, ғажайып құрылымы болмайды. Кей жағдайларда, ғажайып құрылымды болып, бірақ көркем сөз бен кемел мағына бере алмайтын. Құран осы ерекшеліктердің барлығын қамтитын – мұғжиза кітап», - деп, Құранға түскен шәкірттерді алғыс хатпен марапаттап адам өміріне қажетті Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннеті «мисуак» үлестіріп берді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: