ҚОРДАЙ: «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ АКЦИЯСЫ» ЖАЛҒАСУДА

ҚОРДАЙ: «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ АКЦИЯСЫ» ЖАЛҒАСУДА

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аталмыш акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету; баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады.

Осыған орай, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Әлжан ана ауылы «Құдайберген» мешітінің имамы Саламат Аманбаев пен Кенен ауылы «Кенен» мешітінің имамы Саят Рахимовтың бастауымен әл-ауқаты төмен отбасылардың мектеп жасындағы балаларына, мектеп құрал-жабдықтары мен сөмкелер берілді. Осындай ізгі амалдар алдағы уақытта әлі жалғасатындығын ауыл имамдары айтып жеткізді. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: