ҚОРДАЙ: «БУЛАР-БАТЫР» МЕШІТІНЕ ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚОРДАЙ: «БУЛАР-БАТЫР» МЕШІТІНЕ ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Булар батыр ауылы «Булар-батыр» мешітіне күндердің төресі болған жұмада имам тағайындалды. Аудан бас имамы Егизбаев Алмуханбетаранжан жиналған көпшілікке «Жат ағым жарға жығады» тақырыбында жұма уағызын айтып, соңынан қызметке жаңадан тағайындалып жатқан Акамбаев Самат Сайлявбаевичтің бұйрығын оқып, жамағатқа таныстырды.

Мешіт ақсақалдары дұға жасап, қызметке жаңа тағайындалып жатқан имамды құттықтап, ыстық лебіздерін білдірді.

Айта кететін жайт, Акамбаев Самат Сайлявбаевич 2021 жылдан бері Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Күнбатыс-2 ауылы «Жарғожатегі Ыбырайымұлы Еділбек» мешітінің молда қызметін атқарған.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: