Жамбыл облысы Байзақ ауданы Талас ауылы «Ан-Нағим» мешітінің имамы Сейдали Тафильбекұлының ұйымдастыруымен мектепке жол акциясы өтті.
Акция барысында жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі отбасылардың балаларына мектеп формасы, аяқ киім және мектепке керекті жабдықтар салынған сөмкелер таратылды. Шарада 9 оқушы бала қамтылып, қайырымдылыққа 340 000 теңге көлемінде қаражат жұмсалды.



14 Июнь 2026
28 Зуль-хиджа 1447

