ОБЛЫС БАС ИМАМЫ КОНФЕРЕНЦИЯДА БАЯНДАМА ЖАСАДЫ

ОБЛЫС БАС ИМАМЫ КОНФЕРЕНЦИЯДА БАЯНДАМА ЖАСАДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Әл-Фараби» мәдениет үйінде өткен «Ислам діні және дәстүр құндылықтары: Кеше, бүгін, ертең» атты конференцияда облыс бас имамы Мырзагелдиев Бейбіт Әліпбекұлы «Дәстүр құндылықтарына негізделген рухани тәрбие» тақырыбында баяндама жасады.

Бейбіт Әліпбекұлы баяндамасында: «Біздің қазақстандық қоғамның жағдайында қазір дін және дәстүр сұхбаты маңызды орын алады. Баршаға белгілі, ислам діні мен қазақ салт-дәстүрлері ғасырлар бойы өзара кірігіп, ажырамастай болып тамырласып кетті. Дін мен дәстүр үндескенде дін дамиды, дәстүр баиды, ал ұлт діннің рухын сезініп, құндылық ретінде қабылдайды. Біздің рухани құндылықтарымыз – ата дініміз бен ата дәстүріміздің терең тамырлы байланысының тағылымды туындысы. Сондықтан дін мен дәстүр бірлігі – өткеніміздің тарихы, болашағымыздың кепілі. Дәстүрлі құндылықтар – қазіргі зайырлы қоғамдардағы әлеуметтік-саяси қатынастарды реттеуші және ішкі саяси үдерістерді тұрақтандырушы негізгі факторлардың бірі. Бұл факторға Қазақстан қоғамы ғана емес, бүкіл әлемдік қауымдастық, соның ішінде, әсіресе, тарихи тағдыры өзімізбен ортақ ТМД елдері баса назар аударуда. Қазір кеңестерден кейінгі кеңістікте ел тұтастығын сақтау мақсатында дәстүрлі құндылықтарды жаңғыртудың қарқынды үдерісі жүруде», - деді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: