ШУ: «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ АКЦИЯСЫ» ӨТТІ

ШУ: «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ АКЦИЯСЫ» ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жаңа оқу жылы қарсаныңда Шу аудандық мешіттерінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып келе жатқаны бірнеше жылдың жүзі болды.

Шара аясында «Жиенбет» мешіті, «Күнту Баба» мешіті, «Тоғай» мешіті, «Далақайнар» мешіті, «Балуан шолақ» мешіттері 128 балаға мектеп формасы, портфель, аяқ-киім және оқу жабдықтарын табыстады.

Мешіттердің ұйымдастыруы арқылы көп балалы және жалғызбасты аналар, өтініш жасаған отбасыларға көмек қолы созылып, жалпы жиналған қаражат 1 445 000 теңгені құрады.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: