МЕРКІ: «ИМАНИ ЖАЗ» КУРСЫ АЯҚТАЛДЫ

МЕРКІ: «ИМАНИ ЖАЗ» КУРСЫ АЯҚТАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы «Ар-Раззақ» мешітінде ұйымдастырылған «Имани жаз - 2024»  балаларға арналған жазғы діни сауат ашу курсы аяқталды.

 «Ар-Раззақ» мешітінің имамы Молдашев Нұрболдың бастамасымен және  шәкірттерге дәріс берген ұстаз Пирназаров Бауыржанның ұйымдастыруымен  «Имани жаз - 2024» шәкірттеріне арнап «Қоштасу кеші» өтті. Нұрбол имам шәкірттерге насихат айтып, ізгі тілегін білдірді. Іс-шарада  Құранға түскен шәкірттерге  Құран кітабы сыйға берілді.

«Ар-раззақ» мешітіне қарасты «Имани жаз - 2024» атты жазғы сауат ашу курсына биылғы жылы 30 шәкірт қатысып соның 25-і Құран Кәрімді түп нұсқадан оқып үйренді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: