МЕРКІ: «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

МЕРКІ: «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы, Интернациональное ауылдық «Достық» мешіті жаңа оқу жылының басталуымен, ҚМДБ-ның бастамасымен қолға алынған «Мектепке жол» науқанын ұйымдастырды.

Игі қасиеттерді негізге ала отырып, мешіт жамағаты ауылға қарасты 7  оқушыға білім алуға қажетті құрал-жабдықтарды сыйға тартты.Атап айтсақ, оқушыларға мектеп формасы, көйлек, шалбар,  сөмке, жазу дәптер, түрлі түсті қалам, және  қаламсап, қара қалам т.б  оқу құралдарын таратты. Бұған қоса ауданға қарасты «Қарабала Төре» мешітінің имамы Қасымалиев Батырбек бір оқушыға мектеп формасын сыйға тартты

Осы игі іске демеуші болған, ізгілікке жаны құштар ағаларымызға айтар алғысымыз шексіз! Алла Тағала ниеттерін қабыл етіп, Алла жолында жұмсаған әрбір дүниесінің орнын еселеп, берекелі етіп толтырып, сауаптан жазғай!

 < /p>

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: