Діни ағымдардан сақтандыру бағыты бойынша кездесу өтті. Талас ауданы Қасқабұлақ ауылы "Әбілхан қажы" мешітінің имамы Хеурза Асанұлы мешіт жамағатына елімізде әлі де болса өзекті “таблиғи жамағаты” атымен белгілі ағым туралы кең көлемде түсіндіру жұмысын жүргізді.
Бұл аталмыш ұйым біздің жолымызды мансұқтаумен шектелмей, қазақ қоғамын ұйытып отырған сан ғасырлық салт-дәстүріміз бен ғұрпымызды жоққа шығарумен де қауіпті екендігін тілге тиек етті. Жамағатты аталмыш жат діни ағымнан сақ болуды әрі діни сауалдарды тек мешіт қызметкерлерінен сұрауды айтып өтті.
"Әбілхан қажы" мешітінің баспасөз қызметі