Дін мен дәстүр бағыты бойынша Талас ауданы Ақтөбе ауылының имамы Берік Асылбектің ұйымдастыруымен ауыл жастары арасында көкпардан жарыс ұйымдастырылды. Аталмыш іс-шарада жүлделі орын алған топтар мақтау дипломымен марапатталды.
1-орынды жеңген Тұлпар тобы мақтау дипломымен марапатталып, 100 мың теңге сыйақы алды. 2-орынды алған Құлагер тобы 70 мың теңге сыйақы алса, тиісінше 3-орын алған Шабандоз тобы 50 мың теңге сыйақы алды. Іс-шара соңында имам Берік Асылбек мырза барша шараға қатысушы ауыл жастарына алғысын айтып, естелікке суретке түсті.
Ақтөбе ауылдық мешітінің баспасөз қызметі