Мешіт – адамның жүрегі тыныштық тауып, жаны ерекше рухани ләззаттқа бөленетін қасиетті орын.
Мұсылман адамның мешіттерді сыйлап, құрметтеуі – оның Жаратушы Алла Тағалаға деген құрметін білдіреді. Сол себепті де «Хати Сауранбайұлы» мешітінде жап-жаңа кілем төселінді. Жұмсалынған қаражат 2 миллион 200 мың теңгені құрады.
Әрбір мұсылман мешітті бар ынта-пейілімен жақсы көріп, құрметтеп, онда барғанда мешіт әдептерін сақтауға тырысуы қажет.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.