Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының бастамасымен алда келе жатқан «Құрбан айт» мейрамына қызу дайындық жүріп жатыр.
Меркі ауданына қарасты барлық мешіттерде мұсылмандардың төл мерекесі құрбан айт мейрамының құрметіне орай тазалық жұмыстары өткізілді. Мешіт қызметкерлері ауыл тұрғындарын жинап мешіттің ішкі және сыртқы тазалығын жүргізіп, сенбілік өткізді. Кейбір мешіттер күрделі жөндеуден өтіп, əрлеу-сырлау жұмыстары жүргізілді. Келе жатқан құрбан айт мейрамы баршамызға құтты берекелі болсын!
Алла Тағала мешіт қызметкерлерінің амалын қабыл етіп, сауаптан жазғай!!!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешіті